14.07.2022
  104


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

Тураны тұмшалап тек сөз кертілген...

Тураны тұмшалап тек сөз кертілген,
Ырқына бейімдеген өз еркімен.
Аллаһтың сөзін бұзған адасқандар,
«Тауратты» оқыдым,
Тек өзгертілген.
Пенденің сөзін көрдім әр бетінен,
Өзгерткен қасиетін бөгде тілмен.
Әуелгі Аллаһ сөзін үзіп-жұлған,
«Забұрды» естідім мен
Әндетілген.
Құлдарын адастырып бұл күндегі,
Белгілі ұлы сөзді бүлдіргені.
Аллаһқа серік қосты үштік етіп,
Аятты өзгертті олар «Інжілдегі».
Ап-айқын Аллаһ үні құралғаны,
Ол нағыз адамзаттың ұлы арманы.
Бір әрпі өзгертілмей бізге жетті,
Жаратқан сөзі сырлы Құрандағы.
Аллаһтың жалғыз діні мұсылмандық,
Білініп тұр сүренің күшінде анық.
Басқаны адам жасап, айдар таққан,
Алданып пәк иманды ұшырмалық!
Құдай бір, Құран шындық, Пайғамбар хақ,
Өзгені алдың, жұртым, ойдан қалап.
Пәниде парызыңды өтемесең,
Тозақпен бар тағдырың ойрандалмақ!





Пікір жазу