14.07.2022
142
«Ақша» деп айтты ұмыттың...
«Ақша» деп айтты ұмыттың,
Намаз да қалды барылмай.
Елеусіз қалды ұлық күн,
Күнәдан жүрсің арылмай.
Аллаһқа бір сәт сиынбай,
Ұйқыда жаттың төсекте.
Құдайсыздықтан тиылмай,
Шайтанға ердің, өсекке!
Адал мен арам бөлінбей,
Сенуден аулақ сенделдің.
Тазару керек, көмілмей,
Жұмақ не Тозақ – өлген күн!