14.07.2022
  114


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

Толқып отырмын...

Толқып отырмын,
Түк бітірмегенімнен қорқып отырмын.
Тек қана қиял мұхитын кезіп,
Арман байлығына шолпып отырмын.
Сескенемін көп,
Наз айтар жан жоқ, «өскен елім» деп.
Ақындар бүгін тайпаның туы,
Кетеді...Орал, Өскеменім деп!
Қуаныш қайда?
Шөл қысып барады.
Су алыс сайда.
Өлеңмен ғана сырласайыншы,
Иектеп алған мұң алыстай ма?!
Мазасызданам,
Болған емес қой қазасыз ғалам.
Өшіре алмастай өкініш тартам,
Өмір – ізімді таза сызбаған!





Пікір жазу