13.07.2022
  106


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

НӘПСІ

Таразыны бұрыннан дәл басатын,
Нәпсі менен қанағат арбасатын.
Өшіккенмен жеңе алмай бірін-бірі,
Ми ішінде күресі жалғасатын.
Қанағатқа болыпты ақыл жақтас,
Нәпсіңізге айтылған ақыл жақпас.
Табансыздық нәпсіні қызықтырса,
Сабыр тежеп барлығын отырды ақбас.
Алыс болып көзіне асыл мұрат,
Қимылдапты нәпсіңіз батымдырақ.
Шырылдатып жұлыпты тұрмас қылып,
Қанағат пен ақылдың басын бұрап.
Нәпсі құрып осылай үстемдігін,
Мақтан қыпты кигенін, ішкендігін.
Бірақ біліп соңында сан соғыпты,
Шыңыраудың түбіне түскендігін.





Пікір жазу