НАУРЫЗҒА АРНАУ
Құрбаны тоқыраудың кезеңіне,
Өрт түсті ата-салттың өзегіне.
Бетбұрыстан бастау-ап наурызым,
Қош келдің, төрле енді өз еліңе.
Кел наурыз керімсал бау кең өлкеме,
Көп жылдар еленбеген көлеңкеде.
Лебімен замананың жаңа жылым,
Әкелген қазақ елі сені өлкеме.
Наурызым басы болсын молшылықтың,
Арнасын толтырайық олқылықтың.
Бал шұбат, сарыуыз бен саумал қымыз,
Ағылсын сүт бұлағы сан түліктің.
Тойлансын ойын-сауық бір ғажайып,
Жас өркен жапырағын қырға жайып.
«Қыз аққу», «Аударыспақ», Шашпау салды»,
Ләззаты «Жамбы атудың» бір ғажайып.
Кеткенде әсем әуен қанат қағып,
Жас жүрек қалай шыдар тағат тауып.
Кербез күй қос ішектен бебеу қағып,
Он саусақ сұлу сазды ағытты анық.
Сұлу саз кең даланы кернеп кетті,
Жүректің нәзік қылын тербеп кетті.
«Жау қашты», «Айқұш-ұйқыш»,
«Күміс алу», Ойынын «Алтыбақан» көр деп кетті.
Қуаныш әр көңілде тасқындаған,
Құлпырып қызғалдақты жатсын далам.
Жайылып тағам толы дастарханы,
Қазағым «бөгдесің»-деп жатсынбаған.
Өрлесін әр жыл сайын келешегің,
Еңбекпен есейсін жас-ересегің.
Шалқысын шаттық әуен шартарапқа,
Мол болсын елге берер берешегің.