13.07.2022
  92


Автор: Нұрмұханбет Боранбаев

Шашылған бойға шуақ нұр...

Шашылған бойға шуақ нұр,
Жастықтың жайсаң мекені.
Жазира күндер елесі,
Жадымнан менің өшпеген.
Жырыммен жағып жасын от,
Жазамын жайсаң отты өлең.
Санамда сақтап сан бейне,
Сағыныш жырым сел күреп.
Самалға төсеп кеудемді,
Кешемін ойды елжіреп.
Кетемін сосын көкке өрлеп,
Күздегі қайтқан құстармен.
Жаңбырлы бұлт боп төгермін,
Үзілсе ғұмыр құштар дем.
Көгілдір арман көк арман,
Көктеммен бірге көктеген.
Күмбезін жырдың соғамын,
Көмкеріп күміс көк берен.
Сағыныш жырын шертермін,
Көгілдір көркем көктемде.
Есіңе ал мені бір сәтке,
Жемелек самал өпкенде.
Өрілді өмір өлең боп,
Күмбірлеп кеуде отты арман.
Теңізін кешіп тірліктің,
Туғанша шолпан тоқталман.
Шабыттың шаңқан шағында,
Шаркөз жырым ойды ора.
Шартарап өмір жолында,
Еске алсаң болды жәй ғана





Пікір жазу