13.07.2022
  108


Автор: Нұрмұханбет Боранбаев

ҚОҢЫР ӨЛЕҢ

Қоңыр желге өптіріп омырауды,
Қоңыр кеште қоздаттым қоңыр ойды.
Қоңыр күзге көп қостым қоңыр бояу,
Қоңыр қазым қоштасты қоңыраулы.
Қоңыр ішіп, қоңыр мұң, қоңыр қайғы,
Қоңыр күзде көңілім қоңырлайды.
Қоңыр бұлттар көшкенде көк аспанда,
Қоңыр ойлар құрсайды қоңыржайлы.
Қоңыр күнді жырлаумен дара түмен,
Қоңыр күйге мезімді түнетіп-ем.
Қоңыр қазым қоштасты қоңыр жазбен,
Қоңыр күзді көтеріп қанатымен.





Пікір жазу