13.07.2022
  89


Автор: Нұрмұханбет Боранбаев

СӘБИЛЕР

Балалар болашақтың бастауындай,
Бүр жарған көктем сәні жас талындай.
Пәктіктің,адалдықтың арнасы боп,
Әкенің аялаған ақ таңындай.
Нұр ойнап сәбилердің келбетінде,
Нәресте бесіктерде тербетілген.
Болмасын деп тілейді сол жүректер,
Қатерлі соғыс өрті жер бетінде.
Шаңырақ шат күлкіңнен шаттанатын,
Маздатып әрбір үйдің жақан отын.
Лүпілдеп соқшы тынбай сәби жүрек,
Періштем,айналайын ақ қанатым.





Пікір жазу