13.07.2022
150
БАҚЫТ ТУРАЛЫ
Бақыт деген не нәрсе, бақыт деген,
Махаббатпен санаспас, уақытпенен.
Сұраймын әркімдерден сұрақ қойып,
Кездестің бе бір рет бақытпенен?
Бақыт деген сүйгенге қосылу ма,
Әлде ол сағыныш па,тосылу ма.
Кеше ғана ұнатып бірін-бірі,
Ал,бүгін айырылысып отыру ма?