13.07.2022
  108


Автор: Амангелді Бұғабаев

Мен де отызды әлдеқашан ұзатқам!

Мен де отызды әлдеқашан ұзатқам!
Кырыққа да көп қалған жоқ,
әудем-ақ жер – жүз аттам.
Бірақ, менің бұзған әлі ордам жоқ.
Тұра алғам жоқ, әлсіздерге қорған боп.
Көкірегіме ұя салып жүз арман,
Жүз деймін-ау, шетсіз, шексіз түп орман.
Менің бүгін ұлы жолға бастаған.
Қанша асуым бар әлі алда аспаған.
Кешегі күн жиырмабестіңотымен,
Дауылдатып, жауындатып өтіп ем.
Көп екен шөл тамшы жаңбыр тамбаған.
Көп екен жан мейірге бір қанбаған.
Адым сайын теңсіздікпен кездестім,
Ақын айтпай, айта алмайды өзге ешкім.
Теңдік пенен әділетті ту қылып,
Көңіл кір ме тазартамыз жудырып.
Жел боп қуған қайғы бұлтын түнерген.
Дастан арнап Толағайдай шын Ерме?!
Жауыздыққа майдан ашам ғаламат,
Гүлзар баққа айналғанша бар алап.
Мендік өмір өтеді енді күреспен,
Бостандықтың рухында ұл өссін.
Шаттық сыйлап ұмыттырам қайғыны,
Жер бетінде орнағанша жайлы күн.
Айқын менің, барым сарқып бермегім,
Мамыражай тірлік үшін елдегі.
Ей, ақыным, жерұйықты арман қып,
Шарлап өтер мынау фәни-жалғанды,
Жалғыз өзің деп пе едің? –
Дейсің-ау дос, бәрі, бәрі тамаша!
Арман қуып жетем демей,
Қиял елін мекендемей күн кешкен,
Адамдардың биігі алар аласа!..





Пікір жазу