13.07.2022
  321


Автор: Амангелді Бұғабаев

ӨМІР ЖАЙЛЫ ЖІПТТЕР!...

Сіздер жайлы, жігіттер, жазсам дегем бір өлең.
Әркайсыңыз бір образ, мұртган күліп турар ең.
Әсірелеп жіберсем, теңеулерім жылайды,
Карғай ма деп қорқамын дарын берген құдайды.
Жақсы менен жаманды тапын айтсаң нұр сонда,
Дегенменен сіз жайлы, көрейін бір жыр толғап.
Ерлік болмыс жоқ кезде, Елдік Мұрат болмасын
Білгендіктен не айтамын, Тәркі дүние жолдасың.
Темір илеп, тас кесіп, тірлік деген көш ақты.
Қара қазан қайғысы, қамы қазан ошақтың.
Тілек ортақ – ақ тілек, ұрпағыңды жеткізу,
Қарыным аш дегізбей, мұрат осы деп білу.
Адам деген құбылыс, шындық іздер жалғаннан,
Сағым қуып ел кезіп, қиялына алданған.
Уа, айтыңдар, жалғаанның сырын білген кімің бар?
Біреуге зар дүнне, ал біреуге құлын – зар...
Адам – адам болғалы, жүрміз тілек тілеумен,
Бірі амандық тілесе, Билік керек біреуге.
Біздік тілеу мысалы, Әлілеттік елдегі.
Тіршілікті пайымдау, шынықтыру зердені.
Зерттеу жанын аламның, болашағым үшін деп,
Бейнелі сөз-суретпен сұлулықты мүсіндеу.
Ішкенге – мәз, жеген – тоқ, тірлік десіп жүр несін,
Деп күйінген жалғаншы – ойшылардың түрмесі.
Тірлік жайлы толғамақ болған едім, жетпеді ой,
Құр далбаса боп шықты, мән жоқ екен өйткені.
Сонда қалай апыр-ау, жындылық, ә, мән іздеу,
Күн кешкенім дұрыс-ау, мен де адам тәрізді.
Бәрі, бәрі тамаша, мынау нардай жігітте,
Түйгені көп өмірден, жаны ізгі, білікті.
Қой ішінде серкесі, дүйім елдің ағасы,
Бас иетін көпшілік, берер әділ бағасын.
Түйін түйер сөзбенен, әз-шалдардың сарқыны,
Жететін ел мұратқа, осындай жан арқылы.
Маңдайы ашық, алды кең, бар адамдық келбеті,
Көсем десең болатын, мейірімен тербетіп,
Сыйлар саған қуаныш, қыдыр дерсің мысалы,
Күйге толы кеудесі, гүлге толы құшағы.
Әттеген-ай, дейсің-ау, мұндай жандар аз бірақ.
Ақпандатқан күнімді, күліп келіп жаз қылар.
Билігі бар, білік жоқ, қуыс кеуде аз ба жан?!
Кеңшілікті маңдайға жаратушы жазбаған,
Кіміңнің кім екенін айтпағанмен жұрт білер.
Айтпайын-ақ дейді ме, құртады ғой түрткілеп,
Көрген күнің бір уыс, айналарсың пақырға,
Жаның қалар әйтеуір, жалынумен батырлап.
Мықты шығып мықтыдан, түсірмесе тәубесін,
Тірлік емес тірлігің, бас бағудың әуресі.
Жаратқанның кеңдігі-ай, алшаңдатқан кесірді,
Байқау үшін жібсрген бұл бір сыны секілді.
Қорқыт көрі қайда да, құтылмассың қашқанмен,
Қолдан келсе меншікгеп, салғысы бар аспанға ен.
Мұндай жанның қайда да, жолы әйтеуір болғыш-ақ,
Әуреленген кісі көп, жүрмекші боп сол құсап.
Түлкіге ұсап ол үшін, болу керек айлалы,
Ішінде ұстап білгенің, басың шұлғу пайдалы.
Түспесі анық ізіңе, шықпағанмен биге сен,
Кесірлер тіл я басың, алдында бас имесең.
Ойлап көрсең шынында, бас баққаның дұрыс-ау,
Зиян жалғыз көрерің, бақ таппайсың ұрысып.
Балмайды дос, маған да, өзгермесем осыдан,
Ұқсамасам болмады, Петька деген досыма!
Бас қатырып жатпайды, өмір жайлы көп аса,
Жайлы төсек, жақсы өмір, ол үшін сол болашақ.
Өз қызығы өзінде ұрғаны бар тағыңды,
Қарапайым логика, баршаға тән кәдімгі.
Бәрі-бәрі жоспарлы өзгелермен жоқ ісі,
Әркімнің өз шаруасы, дұрыс шығар онысы.
Теңін тауып табысып, бары-жоғын алысып,
"Сен жақсы да, мен жаксы", әзілменен қағысып.
Күліп қойып мұртынан, кейбіреуге жылаулы,
Мұнысы не екен деп, бір жағынан сұраулы,
Жүріс осы мықты-ақ, ә, нар ғой, нағыз қара нар
Шыныменен тірлігі, ұжымаққа барабар.
Үлкен орта бұл орта, образдың түрі бар,
Марғасқалар бар мұнда, ауыз сөзге жығылар.
Болсын демес өзгеге, қызғаншақ бар тар іші,
Өмір деген аста-төк, ішіп-жеудің жарысы,
Ысқырығы жер жарар, он қой бітсе алдына,
Итбайшылап көшірер дүниені жан мынау.
Итбай-екең дегізіп тамсандыру арманы,
Е, жарайсың, жарайды, асып-тасып болғаны...
Адамға көп керек пе, ойлап көрсек шынында,
Қайдан шыққан қағида, сыймаса егер ұғымға,
Анаусы андай, мынаусы қисық дердей біз кімбіз,
Еркіңе қол сұғыппыз, кешіріңіз сіздің біз.
Нағыз бақыт сол екен, алдау мен кешкен күн,
Жауабы жоқ сұрақтар, құпиясын шешкен кім?
Бәріміз де қонақпыз, дүние кезген елеспіз,
Ақылман ба мейліңіз, болсын мейлі кем, ессіз.
Есеп-шотка салсаңыз, сол ойшылың орасан,
Зиян тигізген екен, сан жетпейтін санасаң.
Өмір деген туғаннан, алға қарай ұмтылу,
Тылсым сырын білмекке талап қылып құлшыну.
Дегенменен, бауырым, телмірме құр ғарышқа,
Болмай-ақ қой тегінде айға шабар арыстан,
Өте барар жалғаншы байқамассың бір күндей,
Сол ма мұрат – болдың-ақ, делік мисал мыңға үлгі
Мына тірлік сүйгенге, ғажайып қой, ғажап-ақ.
Пенделікті жиып қой, жан дүниеңді тазала.
Па, жігітім, дегізіп топты жарып ал бәйгі.
Өз тағдырын, өз жолын әркім өзі таңдайды.
Жоққа шаршап қайтесің, кайтесің жоқ мәнді іздеп,
"Шаңы шықпас жаяудың, үні шықпас жалғыздың".
Қамын ойлар жетті шақ, ізіңе ерген ұрпақтың,
Мирас қылсаң қазына, құлы болмас құрсақтың.
Сен жетпеген бақытқа, бәлкім, ертең ол жетер.
Жасанған жау қалдырсаң, қазына – мал сорға тең.
Жеңуге сен тиіссің, тығырықтан жол тауып,
Бүгінгі күн жетесің, қойдан қоңыр болсаң ұқ!
"'Биік болып жусаннан, бетегеден аласа"
Рахатты өмір кешесің, дос жаранмен таласа.
Ал, менікі, мен бе, мен, ерте келген өмірге,
Бейбақ едім қайтемін, қиял-арман көңілде.
Тіршіліктен түңілген, күлкілерден жасанды,
Көнбіс қанша дегенмен, төзер дерсің қашанғы.
Жүргені сол керегім болар деген бір күні,
Мынау жаңа заманға қажетсізсің біл мұны,
Деумен келер міне, әлі өзгер деумен дүние.
О, жалғаншы, мен қайттім, деп өтерсің күйіне!..





Пікір жазу