ДОСЫМА ХАТ
I
Жайымды айтсам жан досым,
Кезім бұл мейір аңсаған.
Өзгеден көңіл қалғасын,
Мұң шағып тұрмын мен саған.
Адасып жолда сан тарау,
Түңілген күнім қаншама.
Мүмкін бе, айтшы шаршамау,
Сіріден жаның болса да?!
Сарсылып кездім қиырды,
Қиналды қанша әз-жаным.
Жарқылы қалған миымда,
Кұйындай тиген азба күн?!
Алып та, қайсар жанша бір,
Көтердім күліп дегенмен.
Табаннан кіріп сан шөгір,
Қинала басып келем мен.
Тоғыз бал теңіз толқыны,
Қакпақыл қылған кемесін,
Жандай-ақ ойға малшынып,
Малтыға басып келесің.
Білмейді екем өмірді,
Тұрады деуші ем арманнан,
Тозағым – жұмақ көрінді,
Түңіліп мына жалғаннан.
"Азба у, сірә, ішпеген",
Ертеңім, ертең кайғы боп.
Көтеріп келем тістене,
Тиген жоқ тірлік жайлы боп.
Таңдаған өзім жол ауыр.
Кешпеске тірлік ләппайлап.
Тоқсан жол өмір тарауы,
Мұратын қуған таппай ма?!
Қарынның құлы құлға есеп.
Аталмас құлың жанға сан.
Қасқиып бұлай тұрмас ек,
Тұратын Мұрат болмаса.
Сағымдай үміт алдар-ды,
Көрген түс сынды адамды.
Талқылы-тағдыр жолдары,
Бұралаң, әрі қараңғы.
ІІ
Қиын ғой жаның түсінбей,
Тілдесе, тілде у қанша.
Осынау қылығы үшін бе,
Тумаса дейсің туғанша.
Бармағың тістеп, әттеген,
Әттеген, дейсің тістеніп.
Сені ме, сені, қап, бәлем,
Дейсің де, ашу іште өліп.
Кетесің безіп бәрінен,
Қайтесің қылар жоқ амал?!
Емдерде уақыт дәрімен,
Орнығып көңіл оңалар.
Ашудың өткен бәрі үмыт,
Жетесін қайта сағынып.
Кеудеңде гүлдеп ақ үміт,
Мейір боп сезім ағылып.
Татулық тәтті екен деп,
Жақсы ғой қайта табыскан.
Көңілге тимей бекерге,
Әзілмен жетер қағытсам.