13.07.2022
  106


Автор: Амангелді Бұғабаев

Қалайша танып білмегем...

I
Қалайша танып білмегем,
Бір жүрген күнде жолдасты.
Көр соқыр екем мүлде мен,
Таңғалтып мені толғантты.
Толқыта білсең ғажап-ақ,
Толқиды тасып теңіз боп.
Па, шіркін, дейсің Азамат,
Азамат, шіркін, – дегізбек.
Сұрғылт та, сұрқай тірлікке,
Қарайды көктен – аспаннан.
Апан да топан күй тіптен,
Бітірер сын-ды тасқа арман.
Әнге-ән дейсің ұласқай,
Осы сәт неге тұрады.
Көнілің шалқып қыр асса,
Осы мА дейсің жұмағы.
Япырмау, дейсің бұл тірлік,
Қалмай ма, кімнен қалмаған.
Барлығын ұмыт, сілкін бір,
Армансыз өтер бар ма жан?!
Ғажайып баққа кет сүңгіп,
Балбырай-балқып, тұрсын күн.
Қадіріне мұның жетсін кім?
Жай ғана іштен күрсіндім.
ІІ
(Нәзира)
Ей, туғандар, өздеріңмен біргемін
Айырылуын қаламаймын іргемнің.
Сенің аппақ көніліңе қонақтап,
Көкірегіңнен әсем күй мен жырды емдім.
Жыр жазсам да, жаздым оны бір сен деп,
Сен қайғырсаң менің үшін күн сөнбек!
Өздеріңді қуанта алсам болғаны,
Болар жарап қызметіңе жүрсем тек.
Өздеріңсіз атпас менің ақ таңым,
Күнсіз тірлік кімге қажет түнерген.
Қаншама арман, қаншама үміт жатқанын,
Менің аспан көкірегімде, білер ме ең!
Көрінбесең қайда екен деп көп ағам,
Іздеп мені алаңдар!
Қайда жүрсең болындаршы тек аман,
Айналайын адамдар!





Пікір жазу