13.07.2022
  89


Автор: Амангелді Бұғабаев

БОЗДАМА ДАЛАМ, БОЗ ДАЛАМ!

Боздама далам, боз далам!
Қозғатпа ауыр сөз маған,
Өзге адам қинар, сөзбе оған,
Боздатса қиын өз балаң.
Естіген құлақ, сөз заман,
Естірткен сұмдық өз балаң.
Ес кіріп ойлар, кезді адам,
Есті ұлың қайда, боз далам?
Ызғарын ұқшы жырымнан,
Мұң-зарға неге құрылған.
...Ұлдарың шығып Ұрымнан,
Қыздарың шыққан Қырымнан.
Әлдилер бөпең бесікте,
Әлдиін кетсе есітпей.
Әлдекім қылған кәсіптен,
Әлде бұл тартар несіп пе?
Замана, заман тынышты,
Қаймана қазақ мұң ішсе.
Тынышын алған кім дейсің,
Ұлыстың өскен бұлықсып.
Құландай безген қағынан,
Қайтеді мынау бағылан.
Қабылан ұлдар қайда екен,
Қайтеді түртсең шабынан.
Жеріне сонша қорыған,
Торыған жау көп, сорыңа.
Тобынан қалған адасып,
Бола ма қаздай көп ұлан?
Боздама далам, боз далам!
Қозғалса ұлың сөз бе оған.
Асырар таудан жау қашар,
Жау басар боз бас боз балаң.
Еділді алса егесте,
Есілде алқа кеңесте,
Суырылып шықса көсемдей,
Ерім-ақ, шіркін, демес пе Ел?
Белсеніп жауға шығарға,
Шақырып әруақ тұрарға,
Жау кім, дос кім ұғарға,
Ағалар керек сұрарға?!
Ер бабаң серті Құрандай,
Ермахан ұлың ұрандай.
Суырылып шықсаң жігіттер,
Жар болғай, дейміз, бір Алла!
Ал, иініп талдырып,
Арманға атты шалдырып,
Кіреуке киіп болаттан,
Түн ұйқыңды жоғалтпай.
Қайрансыз елге бас бұрып,
Айырып жаудан, басқа ұрып.
Салмасаң айқас шегінбей,
Ер жігіт үшін Өлім де!
Аспанды бұлт кеп торлады,
Күнімді айтпа бүгінгі.
Ия, Аруақ, бүгін қолда өзің,
Ақ жолға баста ұлыңды!





Пікір жазу