13.07.2022
117

"МІНЕЗДЕМЕДЕН"
Пай, Азамат, Азамат!
Тірлігіңді көргем ойша саралап,
Менің бір сәт сендей болғым келгені,
Білемісің, өмір екен сендегі.
Күн кешпейсің, басқа қонар бақты аңсап,
Күн кешпейсің, мансапты ойлап, тақты аңсап.
Әттең-айлап сан соқпайсың ашына,
Бөтен ойды жолатпайсың басыңа,
Жәйбарақат, маң-маң басып жүресің.
Жұрт күлгенге, сен де бірге күлесің...
Табиғатпен жатқан өзі астасып,
Азаматтан сұра бір зат, бас қасып,
Былай шығар, "бәленшекең сүйдеді, –
Деп күледі, – өйткені,
Бәленшекең білгіш адам түйгені!"