АҒАҒА СЫР
Сен де елессің, Ес-аға, мен ле елеспін.
Дүние қуған бірақ та, пенде емеспіз.
Крез патша бай еді, несі қалды?
Ой жүгіртпей жүр бұған елдегі ессіз.
Көрген күні күн емес, тірлігі азап,
Таз кейпіне баяғы кірді қазақ.
Ар-намысын долларға айырбас қып,
Кетер деген суық ой жүр мазалап.
Жерін алса елдіктен несі қалды?
Құлдық өмір көрерің есік алды,
Қара халық не істесін – шарасы жоқ,
Жаудай талап пысықтар есін алды.
Іздегі іні білмей жүр кімге ұсарын,
Қайда барсаң естірің, мұңды сарын.
Шара таппай қыларға алас ұрып,
Амалсыздан, ағасы мұң құшамын.
Елсіз ердің ағасы, сәні бар ма?
Жажа елің құл болса, шағынарға:
Құдай–алыс, бек–керең, ер–бұғаулы,
Жігер жасып, ұласар әні зарға.
Заман неден бұзылды? Мен не білем,
Қағынғандай қарасаң жөргегінен.
Қайда барсаң қуғаны кулық-сұмдық,
Қарын қамын ойлаған пенде, кілең.