УА, ЖІГІТТЕР, ЖІГІТТЕР!
Жайқала өскен гүлдердің,
Жүзінен қайғы-мұң көрдім.
Жаңбырсыз көктем, қарсыз қыс,
Жауқазын жастың жанына,
Жарақат салып үлгерді.
Жадаулы, жаны жаралы,
Жаныңа жалау болсам деп,
Жарақты қолға жалаң қол,
Жақсыда жалқы шабар-ды,
Жалғыздың шаңын кім көрді?!
Айласын жаудан асырған,
Айбыны жауды қашырған.
Алқалы жерде сөзді алған,
Арыныменен топ жарған.
Ағалық етер біздерге,
Ағалар бар-ды іздерге!
Анасын уыз-арманның
Аялап қана жүргенмін.
Арманмен өтер жалғаның,
Адыра қалар білгенмін.
Тірлікте тоқсан түрленген,
Табансыз жанды кім дермін?
Сарсылтпай жанға табылмас,
Сарғайткан жолдың сарасы.
Сары уайымға салынбас,
Санатта жоқ санасыз.
Сары алтынға малынған,
Сары Арқадай далаңыз,
Сарт пенен сыртқа кетпесін,
Қалмасын іште налаңыз.
Келімсік пенен кеспірсіз,
Келтекті құлың қожаңдап,
Кесірлі ұлың не істерсіз,
Керегім сенсіз аламдап,
Амалсыз күйге түспеске.
Тістіменен тістесіп,
Күштіменен күштесіп.
Кіндік кешкен ел үшін,
Қара қазақ елі үшін,
Бірігу керек бұл істе!
Бірігу керек бұл іске!