13.07.2022
  102


Автор: Мұқанбетияр Мақуов

КЕЙБІР КЕЗДЕР

Ұнатпайтын маған деген жат қылық,
Бойға біткен адамдағы қаттылық.
Сәл нәрсеге кйіп қалсам біреуге,
Бәз біреуді қуып жетем аптығып.
Ақ көңілдер ақ қайыңдай жалтырап,
Мінез болса мынау жатқан атырап.
Ақ боранға қарсы тұрам кей күні,
Ал ыстықта кетем кейде қалтырап,
Теңіздей ғып жаратса ғой күлкіні,
Еш адамның жабырқамас кірпігі.
Танысыммен амандаспай кәдімгі,
Бейтаныспен амандасам кей күні.
Ақылымды өз ойыма көндірмей,
Бір күндері қоям жүріс өндірмей.
Үлкен тойда жақ ашпаған ауыздың,
Кетер кезі болады екен жеңдірмей.





Пікір жазу