13.07.2022
  172


Автор: Мұқанбетияр Мақуов

ҚҰРБЫ СУРЕТІ

Суретіңе үнсіз қарап, қалыппын мен тұнжырап,
Қарасам да қанша ұзақ, тіл қатпайсың сен бірақ.
Қашан берген суретің, мектептегі кездер ме,
Уа, жылдар-ай, бара жатқан, өтіп жатқан құлдырап.
Мектеп бітті, өтті жылдар болмай ешбір хабарың,
Деуші едім кейбір жылдар өзіңді іздеп табамын.
Бірақ, бірақ тағдыр мені басқа жаққа бұрмалап,
Күзеттіріп қойды қазір басқа қыздың қабағын.





Пікір жазу