13.07.2022
88
ҚАЙТСЕМ ЕКЕН...
Қайсем екен,
Жас жүрегім барады ерік бермей,
Сенің мына қылығыңды көргенде.
Безіп кетсем бе екен еліктердей,
Құла дүзге үріккен.
Жүре алмаспын сірәда
Мына жарық дүниеде күліп мен.
Қайтсем екен,
Намысымды бетіме қалқан қылып,
Сенің тіккен жап -жаңа отауыңның,
Шаңырағын қиратып талқан қылып,
Ортасына үйіп мен.
Тыншысым ба,
Жанды жеген мына қара күйіктен.
Шының ба осы
Сенің салған мына ащы зарыңнан,
Бірақ, бірақ саған тыныш шығар-ау,
Енді менің жоқ болғаным, барымнан.
Жанға шашпай сырымды,
Қырқып бір кетсем,
Төгілген қос қара мынау бұрымды.
Айтсам ба екен,
Шындықты барлық екі арадағы жасырмай.
Қиын-ау бірақ желкілдеп өскен жас қызға,
Ешкімнің де аяғына бас ұрмай.
Табалап сенің жаныңды,
Күтсем бе әлде басқадан
Бақыт боп атар таңымды?