13.07.2022
  93


Автор: Мұқанбетияр Мақуов

ЖАРЫМ, САҒАН АЙТАМ...

Ермеген жетегіне беріліп кім,
Бәрі қалып барады-ау серіліктің.
О, жан жарым өзіңе үйленгелі,
Шығармайтын боп кеттің үйден мені.
О, өмір бұда сенің ағысың ба,
Иек қағып өтеді танысымда.
Күндер қайда өтетін ақ таң күліп,
Қиялымды ғарышқа аттандырып.
Бақыттан көңіліме желік кіріп,
Кететін кезің қайда еліктіріп.
Алыстан тұрғандай бір сағым күліп,
Достарда бір соқпайды сағындырып.
Қайталап мың айтылған сыр ішегін,
Өзіңмен өмір нәрін бір ішемін.
Жүректің бар сырына қанып тұрып,
Ұғынбауың кетеді қамықтырып.
Өзгелер маған сондай құмар деп пе ең,
Ал олар маған сендей ұнар деп пе ең.
Әркімнің бар өзінше болашағы,
Әркімнің кімнің бар емес пе «қара шалы».





Пікір жазу