13.07.2022
  101


Автор: Мұқанбетияр Мақуов

ӨЗІМ ЖАЙЛЫ ЖӘНЕ...

Күйбеңімен өмір деген аптаптың,
Көптен бері жыр есігін қақпаппын.
Үйім менен жұмысымның арасын,
Таптаудай бір таптаппын.
Көілімнің таптырмай бір тағатын,
Ойлар көкке самғап қанат қағатын.
Өткізіппін өлең жолын ойлаумен,
Өмірімнің небір қимас сағатын.
Жанымды талай биік шыңдар шыңдады,
Өмірдің мынау илікпей қатал сындары.
Жыр болып шығар шабыттың үні сияқты,
Сусылдап ұшқан құстардың қауырсындары.
Бітеліп талай өлеңнің қайнар бұлағы,
Лайсаң жырлар жаныңда жайдақ тұнады.
Қырандай самғап биікке самғап бір кезек,
Қанаты сынып төменге талай құлады.





Пікір жазу