13.07.2022
  94


Автор: Мұқанбетияр Мақуов

ҚОДАРДЫҢ АҚЫРҒЫ «ӘНІ»

Адал жүрек Қозыны қызыл көз қызғаныштан өлтірген Қодар «халық
қарғысынан қаңғып кетіп, елсіз шөлде жан тапсырған» деген аңыз бар...
Су... су... бір тамшы су, өлімнен енді селт етпен,
Осы су үшін мен өзім қанша тер төккем.
Қарабайдың қалың жылқысын шөлдетпей алып шығуға.
Қодар атыммен серт еткем.
Менде анамнан адал боп туғам кезінде,
Қан ішуге әсте құмар емес едім өзімде.
Бәрінде соның Ақ Баян үшін істегем,
Жанымды Құдай қабылда ақ сезімде.
Ақ тілеу жұртым адасқан ұлды қарға ма,
Іс істеп тындым, намысқа ма, әлде арға ма?!
Қу Жантықтың қу тіліне ерем –деп,
Жем болмақ денем елсізде құзғын, қарғаға.
Кешірім сұрап жатқам жоқ Қозы жар салып,
Адамдық сезім мойныма қойған дар салып.
«Қапыда ұрған қатын екен» деп ойларсың,
Ертең –ақ мені «мағышарда» қарсы алып.
Қасірет қысар басыңнан бақ құс ұшқанда,Ойламайды екен,
Бір зауал барын бақытын адам құшқанда.
Қаңғырып жүріп қалжырап өлгеннен гөрі,
Ой, дүние-ай,
Артық екен-ау алысып өлген дұшпанмен.
Су... су... бір тамшы су!..





Пікір жазу