13.07.2022
80
ОЙЛАУМЕН СЕНІ...
Бал жүректерді тебіренте алар кезім бе,
Ақ дауыл сынды жырменен.
Бір нәзік сәуле ұялап қалды сезімде,
Сен жақтан алып бір белең.
Мөлдіреп тұрған жанардан шуақ іздесем,
Болмаса әлде ақ нұрдан.
Әйтеуір сенен сағынышымды үзбес ем,
Кеудемде ән боп жаңғырған.
Әлде бір тың ой жатқандай менің топталып,
Кішкене мына кеудемде.
Құмарлық па екен, отті кездерім от жанып,
«Сағындым сені»,- деумен де.
Ойлаумен сені қимас күндерім, батты айым,
Оралмайтындұғын ұқтырып.
Сұлулық сырын паш етті маған ақ қайың,
Сыңсыған бақта тік тұрып.