13.07.2022
  120


Автор: Мұқанбетияр Мақуов

ӨМІР ЖОЛДАРЫ

Өмірдің шың-құздарын жан емен жете білген,
Біреулер қия жолда тартады етегімнен.
Бірімен айтысамын, бірімен келісемін,
Әйтеуір тоқтамастан әрі асып кетемін мен.
Шын мақсат, арманыма әйтеуір жетемін мен,
Талай жан кетті шығып жұлқынып жетегімнен.
Ондайға қиналмадым, жақсы-ау, бірақ,
Осындай қиындықтан жол тауып кете білген.
Кездесер жақсы адамдар өмірде аз ба мынау,
Кей кезде шалыс басып, құлдилай жаздадым-ау.
Солардың көмегімен, солардың демеуімен,
Құламадым,
Қайдасың мен іздеген жадыра жаздарым-ау!





Пікір жазу