13.07.2022
  78


Автор: Мұқанбетияр Мақуов

ДАЛА ТУРАЛЫ ОЙ

Дала десең келеді көз алдыма құла дүз,
Дала дейміз көңіліміз көтерілсе мына біз.
Дала деген кеңістік ауысы бар, гүлі бар,
Дала адамға ең ыстық, сырын айтар тілі бар.
Қыс көктемге ауысып, жазы күзге алмасып,
Осылайша күндері жатады ылғи жалғасып.
Қиял қуып, есіңе гүл түсетін шақтарда,
Далаға шық жүгіріп, ақ сезімді ақтарда.
Дала, дала сүйеді, мөлдір аппақ сезімді,
Дала, дала сүйеді бал-балауса кезіңді.
Далада өсіп жасында қала барып есейген,
Сұра дала қадірін үйіңдегі шешейден.
Дала дейміз біз оны, дала шексіз даналық,
Жатқан жоқ па тіршілік сол даладан нәр алып.
Сондықтан да мына мен сыр ақтарсам ағынан,
Осы, осы момақан кең далама табынам.





Пікір жазу