13.07.2022
  103


Автор: Рахмет Аяпбергенұлы

Ғарекем, шын жүректен бер, батаңды

Қош келдің о, Ғареке, ауылыма,
Дос көрдім шын басатын бауырына.
Жаныңның ашшы еліңе құпиясын,
Әніңнің салып құйын – дауылына.
Қолыма бақыт құс па ең қонып тұрған,
Жолыңа кетсем бе екен болып құрбан.
Мырза күн төбемізден қол соқандай,
Ырзамын тағдырыма жолықтырған.
Екпіні тауды бұзар сең келгенде,
Көп күні нөсер төккен сел келгенде.
Дала кең Алатаумен бір көшкендей,
Ғарекем Алматыдан сен келгенде.
Күйдемін әлі есімді жия алмаған,
Үйдемін қасымда арман жиі алдаған.
Созып күн маған қолын ұсынғандай,
Кезіктім адамыма қиялдаған.
Ән-жырда жеке біткен тусың маған,
Сом тұлға көз алдымда тұрсың данам.
Заңғар жан Атырау – жыр боп шалқып жатқан,
Шалқардан талай естіп сусындаған.
Ашайын болса арада жақындығым,
Басайын сөз – тұлпарға тақымды мың.
Жақсы атың әулие – халық аузында,
Мақсатым - әншілігің ақындығың.
Ескеріп Пір Бекеттей ер атамды,
Тексеріп оңды – солды көр ботаңды.
Дара кен - ән мен жырда қазынам ең,
Ғарекем шын жүректен бер батаңды.
Пешенеге жазылған ба о бастан,
Көшіп жүру аясында көк аспан.
Өз төрінде ұшырған қуғынға,
Көш келеді талай-талай дөң асқан.
Хабар білсін әлем қазақ тойынан,
Тас төбемде шырқар күн мен айым ән.
Көп жылдан соң қайта оралған қаздардай,
Көш келеді жаханның қыр-ойынан.
Айнымаған ескі салты-ғұрпынан,
Келешекте үміті мол ұлтынан
Ағайындар, көрісіңдер құшақтап,
Көш келеді барлық ұлттың жұртынан.
Оралыма көз алартқан қазақтар,
Салмақтасын біздер көрген азапты әр.
Көкірегін сағынышқа толтырып,
Көш келеді, құшағыңды аш, қазақтар!





Пікір жазу