13.07.2022
  153


Автор: Рахмет Аяпбергенұлы

БЕКЕТ АТА

(поэма)
Ашылмаған құпия көп тірлікте,
Әрбір адам зерттелмеген бір нүкте.
«Бекет!», дейді әркім әр жерде,
Бірақ біздер оны терең білдік пе?!
Бәрін құрттық одан мұраның,
Басқа болып кетті айтар жыр, әнім.
Қазақтар – ай, ұмыттық қой әруақты,
Жауға шапсаң Бекет те бір ұраның!
Билік болса кілең мықты, іріміз,
Сөз бермейміз бірімізге – біріміз.
Қорыққанда, торыққанда жебейтін,
Естен шығып кетті көптен піріміз!
Тасын теуіп сықылықтар дәу жиен,
Мен басымды ауырмай – ақ сауда ием!
Ағайындар осы Бекет емес пе ?
Сырқаттансаң түнейтұғын әулиең!
Көп дамның сөзі ол біздің жерде өскен,
Ал, сенбесең елді арлап көр, дос сен.
Қарсыласын жеңу үшін алаңды,
Палуандар да «ИӘ, БЕКЕТ»! – деп белдескен.
Сан ұл – қызды көрдік талай жиынан
Сөз нөсері атыңды айтса құйылған.
Ақындар да «ИӘ, БЕКЕТ! - деп сиынған.
Аңыз – шындық сен жайлы далаң толған,
Қорғап жүрер жақсыңды жаман жолдан.
Тау құзынан құлаған құрдасың да,
«ИӘ, БЕКЕТ! – сыйынып аман қалған.
Қандай мәңгүрт еске алмайтын атасын?
Ұмытты ма ел абызының батасын?!
Білесін бе, бауырлар – ай неліктен,
Сүрінсең де «ИӘ, БЕКЕТ! – деп жатасын?!
Сенер оған көп кезген жан даланы,
Қалың қарда бұл жай жие болады.
«ИӘ, БЕКЕТ! – деп көрші сол сәт сиынып,
Киілгі оның сені жолға салады.
Алла сөзі тілге оралмай сасқанда,
Әруақ, әруақ қолдай көр деп аспанда.
«ИӘ, БЕКЕТ! – деп сиынады қуғанда,
«ИӘ, БЕКЕТ! – деп сиынады қашқанда.
- Ι -
Кәтеп. Ауыл. Үлкен аула сыртта кең,
Бірде осылай болды оқиға күтпеген.
Машинадан түсті екі, үш жан қой сүйреп,
Жолықпаған бұрын соң бұл жұртта мен.
Қазақшылық амандастық қарсы алып,
Киімдері малшы атын тұр жар салып.
«Айекеңнің үйі осы ма?» десе де,
Танымадым мың ойланып, сер салып.
Шәй үстінде қонақ сөзін өргізді,
Танымайтын міне, ағайын көр бізді.
Барлығына БЕКЕТ – АТА себепші,
Өзі енді қасиетті төрге ізгі.
Шаруа, шаруа, өмірде бір бітпеді,
Қыстауымыз алыс қия шетте еді.
Жолда Атаға соғайықшы десем де,
Шофер балам, айтқанымды етпеді.
Әке сөзін тыңдамады ұл о, жастық ,
Ақыр жеңді ол , аздан кейін жарастық.
Көп кешікпей жапалақтап қар жауды,
Жол көрінбей шыныменде адастық ,
Қысқы мезгіл ай төбеден ауыпты,
Ақ көрпесін қалың қып қар жауыпты.
Азық біткен, бензин де аз, не істейміз,
Жолда қалып қою жолда таңдап қалқу аса қауіпті.
Өкініштің отына ұлмен жылындық ,
Кешір , әруақ , мөлдір таза жағымды ұқ .
Бекет ата бір боз қасқа жолыңа ,
Киігіңді жіберші деп жалындық .
Өткен істі мойындадық айып деп ,
Бұл атаға мың бас ию лайық деп .
Көп кешікпей киік пайда болды да ,
Жолға салып кетті тағы ғайып боп ...
Бұл сөзімде өтірік жоқ, дос, тыңда !
Мейлі ғой сен кәрісің бе , жассың ба ?!
Ертең , ертең деп жүргенде бұл уәде ,
Қалып қойды көп шаруаның астында ...
Айналайын шаңырақ қой бұл текті
«Сөзі қайда? Әкене бар тұр!» - депті.
Тұрмыстағы қыздың кіріп түсіне ,
Ата сөзі осы үйге жол сілтепті ...
Қазаққа анық бұл атаның атағы ,
Әруақтың бір белгісі ғой о дағы .
Тағы басқа адамдарға жолығып .
Осындай іс қайталанып жатады.
Мәңгі тербер туған жерің , бесігің ,
Мұсылманның ашық саған есігі.
БЕКЕТ өзі аян беріп түсінде ,
Көп балаға қояды өзі есімін
Әруақ кезіп жүрер жолда , молада ,
Айта алмаймын енді жоқ деп оны , аға
Міне , мұны көзбен көріп отырып ,
Атаға артық сөз айтуға бола ма ?!
-II-
Алып тұлға теңдесі жоқ нар бабам ,
Әруағым сен қайда жүрсем қолдаған .
Талай – талай жауға атылған жебе боп ,
БЕКЕТ – батыр туған жерін қорғаған .
Қолын салса шелектегі су қызған ,
Хабары мол адам болған тұрмыстан .
Егер дұшпан бара жатса күшейіп ,
Керек болса қолдан дауыл тұрғызған .
Жас кезіңнен сөзі ар – намыс , серт екен ,
Туған жердің тыныштығы дерті екен .
Құдіретті адам екен ғажайып ,
Қажет болса жау ортасын өртеген .
Жеңіл шыққан жау жасаған тозақты ,
Өз басынан өткізген сан азапты .
Батасында желбіреген елімнің
БЕКЕТ – туы жымылмаған қазақтың !
Өз еркінде десе де көп бөседі ер ,
Көлденеңдеп сен де алдымды кесе бер .
Бекет егер алыс жолға жиналса ,
Ақ сары бас қу боп ұшқан деседе ел !
Амал бар ма ? Сөйлемейді өлгендер,
Ол заманда өтірікті білген бе ел .
Тау шыныңды құсқа айналған Бекетті ,
Өз көзімен болған екен көргендер!
Аталардан жеткен сөз бұл имандай ,
Азаншымен көп кісілер жиналмай .
Маңғыстаудан Хиуадағы намазға ,
Әр күн сайын үшып барған қиналмай.
Біздің кезге аман жеткен сан жылдан ,
Көргендерді көркіне таң қалдырған.
Бекет- сәулет өнерінің шеңбері ,
Тау күмбезі жердің төсін талдырған.
Ұрпақтарын қуғын көріп қаңғыған ,
Торда қалды қасиетті Ән – Құран .
Құлсары , Бейнеу , Байшағырда дем бітіп ,
Медресе , мешіттердің қалғыған ...
Сан алыпты туған біздің елде кең ,
Адам бар ма ол кісіге сенбеген .
Бұл өмірден үміт үзген талайды ,
БЕКЕТ – тәуіп өз қолымен емдеген .
Дәу ауызды жылдар сорып жалмаған ,
Бір дана ойы ел есінде қалмаған .
Талай мәрте шешкен жесір , жер дауын.
БЕКЕТ – ғалым шәкірті бар мыңдаған .
Әр адамын кең ақылмен басатын ,
Оқу теңіз айдынында тасатын .
Шәкірттердің жүрегіне күн сайын ,
БЕКЕТ – ұстаз білім дәнін шашатын .
-IIIХиуа , Хиуа ару қала ақ маңдай ,
Көшер әлі сан ғасырға мақтанбай
Мұнаралар ойлы , бойлы ұл – қызы ,
Би билеуге тойға бара жатқандай .
Көп болыпты өзбек , түрікпен достары
Арқалаған тау – білімнің асқарын .
Қарақалпақ , тәжік , қырғыз , ұйғырмен ,
Жие – жие қосады екен бастарын .
Тосқауылдар болса бұзып өтіпті ,
Тек бірлікте елге үлгі етіп кетіпті .
Солар егер я қуанса , қайғырса ,
Ең алдымен БЕКЕТ досы жетіпті.
Көп кісілер сенер сенбес осыған ,
Мейлі досым , десең кімге қосылам ?!
Тау төбе ғып БЕКЕТ лезде үйетін ,
Қызық екен кезі де отын тасыған ...
Тағдыр айдап Хиуада лолар жолықты ,
Сол кісіден ақыл ойы толықты .
Бақыржан деп естіп жүрміз есімін .
Ал , ұстазы оның қожа болыпты .
Сол ұстазы жинап барлық шәкіртті ,
Кең алаңға келіңдер деп шақыртты.
«Медресе бітті бүгін осымен ,
Бұл сендерге сөзім» депті ақырғы.
- «Айналайын жас шәкірттер жалынды ,
Мен сендертің бірдей көрем бәріңді ,
Себеп бәрің келешекке жалғайсың ,
Бастарыңа сепкен білім дәнімді ,
Барлығыңа бір сыйым бар беретін ,
Адал шәкірт болса ізіме еретін .
Ол да жалғыз аса еді киелі ,
Жері бар ма ? – дейді оның бөлетін .
Мен жарысқа салам барша ботамды ,
Ұмытпаңдар Бақыржандар атаңды .
Осы асаға ең бірінші кім жетсе ,
«Жалғыз соған берем» , - депті батамды»
Асаны ұстаз лақтырғанда көк сермеп ,
Барлық шәкірт іздеп кеткен жүгіріп .
Депті ол сонда : - «Осылардікі бос ермек »,
Жалғыз БЕКЕТ қалған қартқа жүгініп .
- «Ұстаз аса бұл жерде емес , білімін ,
Алыс кетті сезіп отыр жүрегім
Ақ көңілден мен сұраймын батаңды ,
Осы жалғыз тілегім !»





Пікір жазу