13.07.2022
  128


Автор: Рахмет Аяпбергенұлы

Жалау жайлы жалынды жыр!

(Жалау Мыңбаевқа арнаймын)
Ізіңде батыл басқан алысымыз,
Сөзінде жатыр ұждан – намысымыз.
Төл басы Жалау жаңа дәуірдегі,
Тұлғасы дара біткен арысымыз.
Өткенге кімдер терең үңіліпті,
Ескіні айтса кей жан түңіліпті.
Әрі асты шет елдерден Әже даңқы,
Тарастың қаламына ол ілініпті.
Жыр-ән боп жастар баба жалға көшін,
Қыран боп туған жердің самға төсін.
Мың жол – ау күрес - өмір баспалдағы,
Бұл – Жалау жұмысшы, әрі арбакешім!
Данасың келешекке сенем деген,
Дарасын болашаққа тереңдеген.
Елдің сен – мықты қоғам қайраткері,
Бір ісі әлі толық еленбеген.
Әдемі киіз үйде көмкерілген,
Төбеңді көрем қазақ кең төрінен.
Азат күн мәселесін шештің талай,
Қазақтың шығып кетіп шеңберінен.
Аштықты, жоқшылықты, мұңдықты айтқан,
Ел көшіп есі кеткен сұмдықты айтқан.
Қәте деп Голощекин саясатың,
Бетпе-бет оған талай шындықты айтқан.
Көзінде Қазақстан сағым – далам,
Сөзінде ғажапстан бағым-анам.
Жас Жалау анық кедей өкілі деп,
Сталин Мәскеуде оны қабылдаған.
Батырсын бар халқыма қорған болған,
Жатырсын Алатауда орман толған...
Бұл кезде Маңғыстауың жеке облыс,
Бір кезде Жалауына арман болған.





Пікір жазу