13.07.2022
  91


Автор: Рахмет Аяпбергенұлы

Жаңа өзен

Болашаққа келем әлі елеңдеп,
Елімнің шын бай болғанын көрем деп.
Қара бала, сары қыз жаман болмас.
Қара өзен таси берсе тереңдеп.
Бақыт құсым орын алған төрімнен,
Жақұтпысың шығып жатқан жерімнен.
Дара кезең, сара жырдың бастауы,
Қара өзен қыз бұрымы өрілген.
Ғасырлардың көз жасындай егілген,
Мөлдір моншақ Оралымнан төгілген.
Бүгін сезем қуанышын халықтың,
Құбыр өзен қайғылы тұр Еділден!
Кім болса да сұлулықты мақтамақ,
Тек әсемдік дүниені сақтамақ.
Дала көсем мың толғанып бір туған.
Жаңа өзен-ару қала ақ тамақ.





Пікір жазу