13.07.2022
  77


Автор: Рахмет Аяпбергенұлы

Тамшалы

Әсемдікті жыр етіп тұр таң шығы,
Сұлу дала баршаны жібергендей әнші ғып.
Әрбір шыңы қонақ бол, деп қол бұлғар,
Маңғыстауда саялы-тау-Тамшалы.
Ойсыздарды ойлы бол, деп қамшылар,
Моншақ көзде жұмбақ, сырлар баршығар?!
Қайран бұлақ мәңгі өмірді ұлылап,
Таудан құлап күй шертіп тұр тамшылар!
Аяулыңмен мәңгі осында қалшы інім,
Махаббатқа алсын далаң жаршы ғып.
Сөз жарымның мағынасын кең ойлап,
Өз жарыңның қарашығы – Тамшалы!
Терең ойға тұрмын белден малшынып,
Билеп кетті көз алдымда тал-шыбық.
Мың Қырымды іліктірмес маңына,
Көркемдікте бас жүлдегер Тамшалы!
Кім дем алса күндіз-түні бал-шырын,
Сенбесеңдер келіп көр, дос, дәл шыным.
Жарлығымды мен өлеңмен ал бердім,
Барлығыңды шақырып тұр, Тамшалы!
Түсе бермес жыр асық алшы бұлай,
Бұрғышылар тереңнен алшы мұнай.
Бабам қойған атыңнан айналайын.
Мәңгі кетпес жадымнан, Тамшалы-ай!
Бақыт маған бір аунау шашығың-ай,
О, бауырлар, сен менің бар шыным-ай.
Ер қанаты киелі атамекен.
Жер жанатты мен үшін, Тамшалы-ай!





Пікір жазу