Ер Қосай
Топырағы туылған, тұран болған Ер Қосай,
Адайының айбары, ұран болған Ер Қосай.
Батырлығы қазаққа жыр, ән болған Ер Қосай,
Өнегесі өмірлік мұрам болған Ер Қосай.
Түр-тұлғасы келісті , көрікті ер болған Ер Қосай,
Істейтін тек ер ісі , ерікті ер болған Ер Қосай.
Қырандай дәйім ілетін, тырнағы өткір мұзбалақ,
Алдын болжап білетін көріпкел Ер Қосай.
Кең даланың төріне, кие болған Ер Қосай,
Маңғыстау – байтақ жеріме, ие болған Ер Қосай.
Құйылатын сан ғажап, Тәңірмен көкте тілдесіп,
Сиынатын бар қазақ- әулие болған Ер Қосай!
Әр ісі аңыз, хикая, шежіре – дастан жыр- Қосай,
Жалынбас жауға өр жүрек, алынбас биік, қыр Қосай.
Ашылмай жатқан Сыр Қосай, Адайда болған шын Қосай,
Қайталанбас тарихта , талайға болған Пір Қосай!
Өтірік емес бәрі рас, нағыз болған Ер Қосай,
Өмірі өзі өткесін, аңыз болған Ер Қосай.
Даңқына сөз жоқ айбатым, күш берер дәйім қайратым,
Халқына ақыл айтатын , Абыз болған Ер Қосай!
Зор тұлға таң боп атқандай, жан-жақты бабам Ер Қосай,
Ауырлығы Отпандай, салмақты бабам Ер Қосай.
Қалмақты қуып жерімнен, мал бақты бабам Ер Қосай,
Ардақты бабам Ер Қосай, Әруақты бабам Ер Қосай!
Бес төбенің өрінде жайланып жатқан Ер Қосай,
Тұранның байтақ төрінде ойланып жатқан Ер Қосай.
Дір еткен сезімтал әр жан құдіретпен көкте байлансын
Жүректен риза еліне, тойланып жатқан Ер Қосай!