13.07.2022
150
Бала кезден өлең-сөзге еліктім...
Бала кезден өлең-сөзге еліктім,
Жыр – алтынды балқытатын көрікпін.
Сайрамаса тұра алмайтын бұлбұлдай,
Мен өмірді жырлау үшін келіппін.
Туғыз, Алла, көктен өлең-күнімді,
Мол ет Тәңір, Жұлдызды Ай, түнімді.
Халық - балаң, тек жүректен жыр тербер,
Алып Далам, есті дара үнімді!