13.07.2022
93
Шоқ тораңғыл
Тұлғаңнан қолын жайған жасқанар көк,
Ғашығың күндіз өбіп, бас салар деп.
Жолықса шоқ тораңғыл қуанамын
Ну орман осы жерден басталар деп.
Өмірде барлық нәрсе жалған – ау деп,
Жаныңа балта жара салған – ау деп.
Кездессе шоқ тораңғыл қорқып кетем
Адасып орманынан қалған -ау деп.