13.07.2022
98
Базаргүл Кәримова ән салады...
Кім болсын сені естісе тамсанады,
Елітіп дауысыңа сан-салалы.
Кәне, сен құлағыңды бері салшы,
Базаргүл Кәримова ән салады.
Бейне бір оның әні таң самалы ,
Халықтың шын ұнатып аңсағаны.
Жаныңды тебірентіп, толғандырып,
Базаргүл Кәримова ән салады.
Алдында болашағы бар талабы,
Әнің-ақ бұлбұлды ұқ деп жар салады.
Танысын танымаған ағайындар,
Базаргүл Кәримова ән салады.
Жаңғыртып әсем әуез паң даланы,
Құмар қып әр кеудеге шам жағады.
Баршаны түрлі сазбен ынтық етіп,
Базаргүл Кәримова ән салады.