13.07.2022
  113


Автор: Рахмет Аяпбергенұлы

Ақын қалай дәріс оқи алмайды?

Олар сөзін дәйім солай жалғайды,
Қызғаншақтық тартқан соң кіл шалғайды.
Сөз өнерін жасаушының бірі өзі,
Ақын қалай дәріс оқи алмайды?!
Бас бірігіп шындықты олар күрмейді.
Кім болсаң да сені көзге ілмейді
Не айтса да тек жүректен айтатын,
Ақын қалай ақындарды білмеіді?!
Ешбір қулық, қой, олардан өтпейді.
Сен ызадан тіпті өртеніп кет мейлі,
Бір өнерді қуып,жүріп о, тоба,
Ақын қалай жазушыдан шеттейді?!
Жаныңды олар жебе болып түйрейді,
Қиянатқа қандай адам күймейді?
Кім сенеді жалған сөзге негізсіз,
Ақын қалай драманы сүймейді?!
Жел сөзде олар алдына жан салмайды,
Топты көрсе аруақтанып кететін,
Ақын қалай дәріс оқи алмайды?!
О, бауырлар-ай, сенбе оларға алдайды,
Мен ортаңа жайып салдым бар жайды,
Қара тасқа тіл бітірер құдірет,
Ақын қалай дәріс оқи алмайды?!
Теңіз суын тамшыдан ел аңдайды,
Меңгіліген олар өзі қандайды?
Күмбірлеген менің осы тұрысым,
Ақын қалай дәріс оқи алмайды?!





Пікір жазу