Бекет ата мешіті
Қасиетті Алла үйі, бәріміз үшін бүгінгі басты тақырып,
Қанша жылдар армандап, исі мұсылман жете алмаған аһ ұрып.
Барлық адам жиналған намаз оқыр сап құрып,
Бекет ата мешіті жатыр азан шақырып...
Сиынбайтын кісі жоқ, кезде де қауіп, қатерлі,
Әруағы оның талайдың өн бойынан от өрді.
Алла үйінің есігі Маңғыстауда ашылып,
Бекет ата мешіті Ақтауда бой көтерді.
Маң далада сағымды тұрғандай аппақ гүл тұнып,
Аққу боп ата киелі ұшқандай көкке ұмтылып.
Ата-анасына Тоғайдай сәлем беріп тұр ұл тұрып,
Бекет ата мешіті Құлсарыда тұр құлпырып.
Егемен елге ырза боп төгесің жасты жанардан,
Ағытылып сөздің нөсері кеудеңді билер сан арман,
Ата жайлы Астана бүгін де берді "Хабардан",
Бекет ата мешіті Бейнеуде тұр жаңарған.
Мұнарасы әр таңда азан айтып сайрап тұр,
Көре алмайтын дұшпанның іші күйіп қайнап тұр.
Ата әруағы жүректен әр мұсылманды байлап тұр.
Бекет ата мешіті Жаңаөзенде жайнап тұр.
Кең дала, сұлу табиғат әулиені іздеп жоқтап тұр,
Ата ізі қалған киелі жерге мінажат жаса тоқтап тұр.
Тұнған құдық, аққан қайнар, киіктерімен көрікті,
Бекет ата мешіті Оғыланды тауында ата рухын сақтап тұр.
Алла үйін әр ауыл, іздеп жатыр аңсап қыр,
"Алла-сөзі өлеңім"-емес, достар, жаңсақ жыр.
Алатаудың шыңынан Тәңіріммен тілдесіп,
Бекет ата мешіті Алматыда ән сап тұр!
Күн-құдайым баршаға тең нұр төккен нақ төбеден,
Тіршіліктің барлығын бақытқа, баққа бөлеген.
Ірге тасы жатыр міне қаланып, Абызымның көреген,
Бекет ата мешіті ертең қолын бұлғайды Ақтөбеден.
Жер-Анамыз шашын жайып тәңіріне бас иіп құлап жатыр,
Дінсіздіктен құтқар деп жанайқайға басуда құрақ-батыр.
Жаны ашыр әкім іздеп, қалталы жақын іздеп Байшағар, Тобықтыда.
Бекет ата мешіті мұсылманның көмегін сұрап жатыр!...
Бейішке бізді апармас банкідегі ақша, жиған жүк,
Егемендік келген соң сыр шертті бұл-күйсандық.
Жердегі барлық мұсылман түссін Хақтың жолына,
Бекет ата мешіті жүрегіне әр адамның ұялатар имандық!
Қазір ата әруағы Маңғыстаудың үстінен отты газ боп лаулаған,
Мына сөздің қате деп кім айта алар дау маған?!
Ислам діні әлемнің төрт бұрышын жаулаған,
Бекет ата мешіті мұсылманның баласын жақсылыққа баураған.
Күллі әкемнің түкпірінен ақыл-кеңес сан жоба алынады,
Күмбірлеген мұнарасы түстік жерден көзіңе шалынады.
Дінге риза Адамзат, таң шығындай моншаққа малынады,
Бекет ата мешіті әлі талай далада салынады,
Бекет ата мешіті әлі талай қалада салынады!