13.07.2022
105
Жарыма
Сенмені тұсамағын, тұсамағын
Онсыз да дертім күшті, құса жаным.
Жүрегім ақын болып жаралған соң
Өзіңді демеу көріп, күш аламын.
Бірақ та сен сенбейсің мына маған
Ешкімге мінезім бар ұнамаған.
Нар секілді өмірде жар секілді
Мына мені түсінер бір-ақ адам.
Ол сенсің, ол сенсің ғой жарым менің
Жасымда арынды едім, жалынды едім.
Сен мені жалтақтатсаң, салпақтатсаң
Бейшара қайыршының халіндемін.
Жазбайды ақын жырды жазбаса өлең,
Өзіңдей мен ақжүрек жанға сенем.
Сен мені ханнан бетер қадірлейсің
Берер ме ем сен болмасаң ханға сәлем.