meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  13.07.2022
  161


Автор: Аманғали Ербозұлы

Қуаныштан ақтарылып, төгілсем

Қуаныштан ақтарылып, төгілсем
Не қайғыдан қақырап бір сөгілсем.
Қолтығымнан әкететін көтеріп
О, өлеңім, жаса, жаса, өміршең!
Қайда, қайда жетелейсің көңіл сен
Қай топырақ бұйырады көмілсем.
Мен білмеймін тәтті өмірдің не екенін
Поэзия, нағыз өмір, сен!





Пікір жазу