13.07.2022
  139


Автор: Аманғали Ербозұлы

Ұмытам қалай

Желтоқсанда желпілдеп бейуақ түндігім
Көкіректегі арманын айтқан мұңлығым.
Қорғаушыларың өзіңді таптап аяққа
Шырқырап жатты шындығым.
Демократияны күшімен басып қарудың,
Аждаһа билік зәһарын шашты бар удың.
Маскүнемдер мен нашақорлар деп көлгірсіп
Шашынан сүйреп, жатырынан тепті арудың.
Оянған қазақ ұмтылған алға ашынып
Жалпақтаған жоқ ешкімге құлдық бас ұрып.
Гуманистік ел деп мадақтап жүрген 70 жыл
Одақтың зұлым пердесі қалды ашылып.
Арулар өжет, демесеңіз тек заты гүл
Ұруға оны барды екен кімнің дәті бір.
Сәбира, Қайрат, Ләззат, Ербол секілді
Бар екен шүкір қазақта, қыз бен батыр ұл.
Жарқын ісіңмен халқыңарух, дем бердің
Өздерің жаққан сөнбейтін отты мен көрдім.
Тәуелсіздікке қол жетті бүгін ақыры
Арқаларыңда сендердің.
Желтоқсандағы құлақтан кетпес назалы үн
Сенгіштігіңнің тарттың-ау халқым азабын.
Мыңдаған жылдар таңдайың кеуіп аңсаған
Тәуелсіздігің ұзағынан болсын, қазағым.





Пікір жазу