Жер көгерсін
Ерте келсін,
Бұлбұл ән шерте келсін.
Күн жылынып, тезірек жер көгерсін.
Біз де жаным шығайық оңашаға,
Жалқы кезде жалғыз қап, өртенерсің!
Мұны саған жеткізем бірақ, қалай?
Жан емес пе ек, арманшыл, мұратқа бай.
Тым болмаса бір ауыз тіл қатсаңшы,
Кездескенді сыртберіп, жырақтамай.
Келбетіңе көшіріп күздің кейпін,
Үмітіңді сен менен үздің кей күн.
Осы көктем көрде тұр, екеумізге
Бір бақытын сыйлайды біз білмейтін.
Көктем келсін.
Көріктім, сәл шыдайық.
Сыршыл күннің саз үнін салшы лайық.
Көңілдегі кірібіңнің кетсін бәрі,
Ақ жауынға армансыз малшынайық.
Қуанышым, қызығым тек сен едің.
Тек сен едің,
Көп ойлап көксегенім.
Егер менің сезімім алдамаса,
Бір жақсылық болады,
Бек сенемін.
Ерте келсін,
Бұлбұл ән шерте келсін.
Еркелерсің
Тезірек жер көгерсін.
Біз де жаным шығалық оңашаға,
Жалқы кезде жалғыз қап өртенерсің!