13.07.2022
  114


Автор: Аманғали Ербозұлы

Махаббат – қуат күшім...

Махаббат – қуат күшім.
Жанға жайлы нұр құяр шуақпысың.
Ие бола алмаймын өзіме-өзім,
Сезімді сиқырлаған сияқтысың.
Махаббат – аспанда Айым.
Ұша да алам, ұш десең, жасқанбаймын.
Сен қаласаң жанып-ақ тұрар едім,
Күн секілді сәулесін шашқан дәйім.
Махаббат – шырқар әнім,
Ғашық көзбен күлімдеп бір қарағын!
Солай етсең мен түгіл, түйсігі жоқ,
Ән салады орман, тау, қырқаларым.
Махаббат – бәйтерегім.
Бәйтерегім құласа қайтер едім?!
Жыр деп соққан дүрсілін жүрегімнің
Сал дәурен сазыңменен айт өлеңім.





Пікір жазу