13.07.2022
169

Туған жер – алтын махаббат
Тербеліп қиялымның бесігінде,
Өмірдің өзіңде аштым есігін де,
Туған жер!
Сенің тау мен тасың түгіл,
Құдырет бар секілді есіміңде.
Мен сені сағынамын осы күнде.
Балалық бал дәуренім, бал шақтарым,
Араға жылдар салып, алшақтадың.
Бірге өскен құрбы-құрдас жүрсіңдер-ау
Саялы самырсындай самсап бәрің?!
Мен жүрмін осы күні аңсап бәрін.