13.07.2022
  99


Автор: Аманғали Ербозұлы

СЫЙЛАСАМ ЕКЕН МЕН НЕНІ?

Қаларым сенен жоқ бүгіп,
Көңілден жүрсің бір кетпей.
Сыйлар ем бақыт көп қылып,
Ол өзі маған жүр жетпей.
Cыйлықта жатыр қанша мән,
Ашады бетін бір жайдың.
Сұлулық сыйлар ем саған,
Өзім де одан жұрдаймын.
Келмейді деме қолынан,
Қалайсын, жаным, сен нені?
Сыйлар ем байлық молынан,
Қайдағы байлық мендегі?!
Өлең-жыр тескен көкейін
Қинады қатты ақынды.
Қош көрсең, сыйлап кетейін
Мазасыз махаббатымды





Пікір жазу