meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  13.07.2022
  233


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Құман және кран

Бұл күндері орнын басқан құманның
Қызметіне ырза жұртым кранның.
«Жып-жылы екен суы», – деп те мақтайды,
Бірақ, ешкім бата беріп жатпайды.
Жүрген шақта қонақтарға су құйып,
Мәртебеміз болушы еді тым биік.
Әдеппенен ұсынғанда сүлгіні,
Көрген кісі дейтін бізді үлгілі.
Талап тілеп, ғұмыр тілеп, бақ тілеп,
Әрқайсысы айтатұғын ақ тілек.
Қариялар бата берген қол жайып
Тәтті күнді қалай еске алмайық?!
Жуынуға барған кезде күн сайын
Сол батаны жан-тәніммен аңсаймын.





Пікір жазу