meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  13.07.2022
  135


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Ықылас

Ес кіргенде, сескенгенде анамыз:
«Құлқуалла болар деген панамыз».
«Құлқуалла – Алла біреу» – десеңіз,
Ешкімге де кетпейді екен есеңіз.
Ол тумаған,
Табындырған күллі ісі,
Ешқашан да сарқылмаған ырысы.
Пенделердің таза болсын тұрағы,
Құлқуалла – нағыз ниет бұлағы.





Пікір жазу