13.07.2022
91
Киелі
Ағаштардың барлығын қалам қылсам,
Көңілдегі ойымды тәмәм қылсам,
Таусылмайды, бәрібір, киелі сөз.
Өтсе-дағы жаз бен қыс, күзім қанша,
Жауған қардай қағазда ізім қалса,
Тамшылайды, бәрібір, киелі сөз.
Теңіз суын түп-түгел сия қылсам,
Ізгілікке жүректі ұя қылсам,
Жоғалмайды, бәрібір, киелі сөз.
Қалам, қағаз, сиямен Алла берген
Келер ұрпақ, сол сөзді жалға дер ем,
Тоналмайды, бәрібір, киелі сөз.