13.07.2022
  167


Автор: Ақылбек Шаяхмет

29 күндік ораза

Рамазан оразасын ай туғанда бастап, келесі жаңа ай
туғанда аяқтау керек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде:
«Жаңа туған айды көрген кезде ораза ұстаңдар, екінші жаңа
туған айды көрген кезде оразаларыңды тоқтатыңдар», –
деген. Оразаның 29 немесе 30 күн ұсталуы айдың көрінуіне әр
елдің әртүрлі қарайтындығына байланысты екен. Айдың
көрінуін астрономиялық есептеулерге сүйене отырып
анықтаған жөн секілді. Мысырдың бас мүфтиі Әли Жұманың
«Әл-Баян» атты кітабында айдың туғанын бүгінгі озық
технологияны пайдаланып, дәл есеппен анықтауға болатыны
айтылған. Біздің бабаларымыз отыз күндік ораза деуші еді. Ал
кейбір деректерде:«Ислам күн тізбесімен емес, ай тізбесімен
жүреді. Күн тізбесінде 365 күн бар болса, ай тізбесінде 354 күн
бар. Ай тізбесі бойынша алдыңғы 6 ай 29 күнге, ал қалған 6 ай
30 күнге толады» – делінген.



Қырық үш күні кем болып,
Жетілмей қалған Бурылдай,
Отызға тағы тең болып,
Қалды ма бір күн бұйырмай.
Құбылған мынау мезгілде
Отыз күн болса ораза,
Шәйіт боп кеткен сол күнге
Оқи ма біреу жаназа.
Тілекті Алла қабыл қып,
Салтанат шындық құрардай.
Есептен қалай жаңылдық,
Отырмын соны біле алмай.





Пікір жазу