13.07.2022
  141


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Байқап тұрсаң

...Қазақ құлшылығым Құдайға лайық болса екен деп қам
жемейді. Тек жұрт қылғанды қылып, жығылып тұрса
болғаны. Саудагер несиесін жия келгенде, «тапқаным осы,
біттім деп, алсаң – ал, әйтпесе саған бола жерден мал
қазамын ба?» – дейтұғыны болушы еді ғой. Құдай тағаланы
дәл сол саудагердей қыламын дейді. Тілін жаттықтырып,
дінін тазартып, ойланып, үйреніп әлек болмайды. «Білгенім
осы, енді қартайғанда қайдан үйрене аламын» – дейді.
«Оқымадың демесе болад-тағы, тілімнің келмегенін қайтушы
еді» – дейді.
(Абай. Он алтыншы сөзден)



Байқап тұрсаң, кей адам
Намаз оқыр көз қылып.
Өзі ғана ақ, адал,
Елді жүрер сөз қылып.
Айтқан сөзі – шариғат,
Жасағаны – ишара,
Көкірекке ақиқат
Қонбай жатса, не шара?!
Қажыларға қол беріп,
Сопылардан сөз теріп,
Имамдарға жол беріп,
Кете алмадым өзгеріп.
Қажетіме жараса,
Неге түсем егеске.
Жүзім қайда қараса –
Сол құбыла емес пе?!





Пікір жазу