
Жаратқанға құлшылық
Бір ғажабы, ешқандай дінге мойынсұнбайтын, атеистік
көзқарастағы адамдардың өзі бір Жаратушының алдында дәрменсіз,
тіпті, оған қалай жалынып-жалбарынып отырғанын өзі де
байқамайды. Мысалы, кез келген көл-көсір дастарханда олар бірбіріне денсаулықтан бастап болашаққа дейін тілек тілейді. Сонда
бұл тілекті кімнен тілейді? Кім орындайды, кімнің құлағына
шалынады деп тілейді? Әрине, қонақ қылған үй иесі де, сол
отырыста болғандар да бұл тілектердің бірін жасаса да, бірін
жасауға қауқары жетпейді. Олай болса, тілектің өзі Алладан сұрау
болып шықпай ма? Өзі не айтып тұрғанын да аңғармай, «Слава
Богу, я - атеист» дегендер де болған.
Ендеше әлі де партбилетін көзінің қарашығындай сақтап
жүрген коммунист атеистерімізді «діндарлардың» қатарына
жатқызуға болатын шығар.
Елді қырсық шалғанда,
Жамағаты ұйымаған имамға.
Кремльді Қағба санап жүргенддер
Тәжім еткен Иванға.
Қара бет қып бір бетін,
Пайғамбар деп көсемінің суретін
Төріне іліп қастерлеген байғұстар
Партиялық билетін.
Секілденіп көреген,
Тост көтеріп, жұртқа тілек тілеген,
Сол ниетін орындаушы өзі емес,
Ессіз еді не деген?!
Отыр бүгін күрсініп,
Терек құлап, өсіп шықты мың шыбық.
Тілек деген – жалбарыну Аллаға,
Жаратқанға құлшылық!